Қоңыр Жүсіпов (1860 ж.т., Маңғыстау түбегінде, Ақшұқыр өңірі – 1944 ж.) – халық сазгері, күйші-домбырашы. Бейіті Жетібай қырындағы Қызық зиратында. Домбырасы Құрықтағы қазақ орта мектебінің өлкетану мұражайында. «Қоңыр», «Өттің өмір», «Дәуір» сияқты күйлерінде өмір, заман туралы толғанады. Қоңыр күйлерін халық арасында насихаттап келген Құмар Қожантаев, Таңбай Ыбыраев сияқты домбырашы-орындаушылар. Олардан жазып алып, нотаға түсіріп, сазгер мұраларын насихаттауға атсалысып жүрген Маңғыстау өңірінің айтулы күйшілері Роза Айдарбаева, Сержан Шәкіратовтар мен тарихшы Мақсат Нығметоллаев.
МАҢҒЫСТАУ энциклопедиясы, 1997 ж.