Ақмырза Өрбісін
ҚАБЫЛ АТАҒА АРНАУЫМ
Ассалаумағалейкүм, Ата-баба,
Беруге Сізге сәлем келдік жаңа.
Өзіңнің ұрпағыңнан тарағандар,
Азды-көпті тірліктен бала-шаға.
Аман-сау жатырсыз ба, аталарым,
Шапағат бізге болғай баталарың.
Кезінде кем болмаған қатарынан,
Абырой, атақ пенен сапарларың.
Атамыз Сүгірәлі аржағынан,
Ажалдың кім құтылған қармағынан.
Тәңірберген, Ақкете екеу екен,
Қара жер зіркілдеген салмағынан.
Халық үшін Тәңірберген жаудан өліп,
Атамыз жатқан екен мұңмен налып,
Тұқымсыз қалады-ау деп қатарлары,
Атаға берген екен әйел алып.
Аққошқар ол уақытта тумаған кез,
Бұрынғы үлкендерден естіген сөз,
Аққошқар ұл боп туып қуантыпты,
Шүкірлік еткен екен қалды деп көз.
Тәңірберген жасынан жаудан өлген,
Бала екен ғой Аққошқар іште қалған.
Бәрінен оқиғаның кейін туып,
Аққошқар деп үлкендер атын қойған.
Соңғы анадан Ақкете туған екен,
Атамыз қуанады көрмей бөтен.
Аққошқар мен Ақкете екеу болып,
Жолдарын жақсылардың қуған екен.
Тәңірберген аты шықпай ерте өліп,
Аққошқар,Ақкете боп кеткен дамып.
Аққошқар немересі,Ақкете бел баласы,
Ағайын жатта сақта еске алып.
Аққошқардан төрт бала тарағаны,
Тәңірдің оң көзімен қарағаны.
Екеуінен тұқым жоқ осы кезде,
Екеуінен тұқым бар деп саналады.
Тұқымы тарағандар Байдос,Сарқұл,
Кез келген біле білсе сөздің парқын.
Бастары ең әуелде өскен екен,
Тілегін беріп алла,алып қарқын.
Өткілбай мен Базардың...
(Жоқты қайдан қазармын?!)
Бұл күндері болғанда,
Қалмай тұқым тазардың...
Сарқұлдан Мәтен,Тәтен,Абыл,Қабыл,
Бергеніңе шүкір деп еткен сабыр.
Солардың бас көтерген азаматы,
Қабыл болған деседі кісі таныр.
Бас болып Төлеп батыр жауға шапқан,
Ішінде Қабыл Ата бірге шапқан.
Қашырып қарсы жауды аяғында,
Айырып жесірлерін пайда тапқан.
Сол жолы қарсы келген көп жәуміттер,
Қабылдың қарсылықпен бетін шапқан.
Жарты бет боп Атамыз елге келіп,
Емшілер ауылында емін тапқан.
Одан кейін жеті жыл өмір сүрген,
Жарты бет деп біреулер айтып жүрген.
Құдайға ісі жаққан кісі болар,
Ішінде жеті жылдың төрт ұл көрген.
Құтымбет,Шүрен менен Шойынбайды,
Адамдар әлі күнге мойындайды.
Төртіншісі баланың Байжан екен,
Атағы әлі күнге жойылмайды.
Қабылдан үшеу екен үлкендері,
Бұрынғы үлкендердің білгендері,
Дос пен Шын,Дін болады ол үшеуі,
Адалдық,шындық екен қуғандары.
Қабылдың бір баласы Шын болады,
Өтірік шын тұрғанда жым болады.
Әй,жастар,ойланыңдар,тәубе етіңдер,
Қартайып әлсірейтін күн болады.
Қайырмағамбет,Мұқаш Шын баласы,
Ұқсайды бір-біріне көз қарасы.
Ұрпақ бар бұлардан да азды-көпті,
Алланың бергеніне жоқ таласы.
Қабылдың Дос деген де бір баласы,
Ісіне Құдыреттің не шарасы.
Сол Достың ұрпағынан тірілікте,
Мұқанның Ыбыраш атты бар баласы.
Қабылдың бір баласы Дін болады,
Білмеген ата тегін кім болады?!
Білгенді ұрпағыңа үйретіп кет,
Көшетін дүниеден күн болады.
Тараған Діннен бала төрттеу болар,
Кемдіктің өткендегі орны толар,
Қазанбай,Өтесбай мен Тайжан,Емен,
Мен білсем,төрт баласы осы болар.
Еменнен бұл өмірде орын қалмай,
Өтесбайдан Кеңшілік,Жамиғат бар.
Кеткен ғой арманда боп,жылай-жылай,
Бермесе Құдыретке не шара бар?!
Қазанбайдан Өмен,Сембай,Оразбай ғой,
Кетеді талай кемдік орны толмай,
Өменнен ұрпақ қалмай тірлікте,
Аржағы тегістелді болып жымдай.
Оразбайдан орын бар-Еркебұлан,
Сембайдан қалыпты бұл Нұрмұқан.
Оразбайдың баласы Қалмұқаннан,
Жалғыз бала дәл осы Еркебұлан.
Тайжанның үш баласы болған екен,
Маңғыстау тумысынан болған мекен.
Өрбісін,Төлеубек пен Жаңбырбекті,
Екеуден ұл бала жоқ,қыз бар екен.
Төртеу еді баласы Өрбісіннің,
Ештеңе жоқ ойында кей кісінің.
Ертерек Елубайды алып кетіп,
Қалған жоқ ешбір орын ол кісіден.
Балғабай, Бекмырза мен Ақмырза едік,
Екеу кетіп мен қалдым болып кетік.
Орын бар екеуден де азды-көпті,
Отырмыз бірТәңірге шүкір етіп.
Балғабайдан бір жалғыз Сүгір еді,
Бекмырзадан қатарға Сүндет келді.
Сүгірден Әлібек,Сүндеттен Мақамбет боп,
Ақмырзадан Қыдырбек,Сәдірбек,
Нәдірбек пен Қуан еді.
Құттымбеттен Егізбай,Қораз еді,
Өзінің заманына разы еді.
Егізбайдан Бердісүгір,Кенғали,Сатыбалды,
Қораздан Байжігіт, Дидар,Әнес еді.
Шойымбайдан Өскімбай,Қипан еді,
Жамандыққа ешкімді қимап еді.
Өскімбайдан Амандық,Қалу екен,
Қалудан Есен менен Аман еді...
Әбілден сегіз бала болған дейді,
Болыпты бір-біріне қорған дейді.
Алтауынан орын жоқ бұл күндері,
Екеуінен тұқым қалған зордан дейді.
Бір баласы Әбілдің Қарашолақ,
Екіншісі Нәрембай қалған сол-ақ.
Осы екеуден жұрнақ бар азды-көпті,
Өсіп келед солардан тұқым тарап.
Қарашолақ баласы Тілеуқұды,
Тумысынан бұл өзі жалғыз болды.
Сейіспенен Сәуірбай екеу туып,
Кейінге өсіп-өнер ұрпақ болды.
Нәренбайдан бала біреу болды,
Жұмақұл деп оның да атын қойды.
Тумаласты болыпты Мәтен-Тәтен,
Жаңылыстым,ағайын,көрме бөтен.
Біреуінен орын жоқ бұл күндері,
Біреуінен Тасымбай мен Жаңабай қалған екен.
Жалғыз Жапан туады Тасымбайдан,
Жиып-теріп сөз жаздым осындайдан.
Жаңабайдан ер бала болмай кетті,
Жапаннан Меңдібай ғой артта қалған.
Осымен мен Сарқұлды аяқтадым,
Сөзімді өзім жазған сараптадым.
Бұл күнде мұны білер еш адам жоқ,
Сондықтан ешкімге айтып сынатпадым.
Ескерту:
Кейінгі жас балалардың аттарын және олардан неше бала барын білмедім.
Байжаннан туған бала үшеу болған,
Тап-тату,үшеуі де бірге болған.
Тілеулі,Рабай мен Төлеп екен,
Кезінде кемшіліктің орны толған.
Рабайдан ұрпақ қалмаған,
Рахым болмай Алладан.
Тілеуліден Әндір,
Төлептен Айладыр бар,
Шүреннен орын болмаған.
Ескерту:
Мен Сүгірәліден бері қарай келіп,Ақкете,Аққошқардың туысымын.
Аққошқардың балаларын айта келіп,Қабылдан бері қарай білгенімді жазғаным:
Мекенің жайлы болғай,Сисем ата,
Берегөр шын ниетіңмен бізге бата.
Қауымыңа келіп тұрмыз зиярат етіп,
Біздерді кешірегөр кетсе қата.
Мекенің кұтты болғай Қабыл,Тайжан,
Жаксылық тілейміз ғой бір Құдайдан.
Шапағатшы болар деп ұрпағына,
Айнымаймын ешқашан осы ойдан.
Осында Қабыл,Тайжан аталарым,
Оң болғай бізге берген баталарын.
Ақмырза менің атым-Сүгірәлі,
Қабылға төртінші ұрпақ атанамын.
Қабылдан 40 үй болып түлеп едi,
Отызыншы жылдан бастап жүдеп едi.
Қазірде 21 уйдің жосағы бар,
Қалпына кашан келіп түзеледі?!.
Қалған-құтқан шежіре дәптерімде,
Жазып жүрдім қартайған сәттерімде.
Қағазымды,балдарым,жоғалтпаңдар,
Жортып жүріп арғымақ ат белінде.
Өмір бойы сендерді дәріптедім,
Тәңір дедім бір ғұмыр,халық дедім.
Ертең көзге сүртсеңдер табылмайды,
Иректелген қағазға әріптерім.
АМАНАТ (Өлеңдер) кітабы,
Жаңаөзен 2006 жыл