Бектұрлы ишан - түрікпен әулиесі, Құрықтан оңтүстік - батыста, 35 км.

 

 

               Жанғазы атамызға !

       (Белгі тастың төмендегі жазуы)


Кімге, бұл опа берген дүние жалған

Небір зұлмат, нәуібетті өтті заман

Төрт балаң әр қиырда жүргенінде

Өттің де, кете бардың, қайран атам!

Бақилық бұл дүниеге кім бармаған

Әкесін соңғы көшке сала алмаған

Бір уыс топырағын бұйырта алмай

Төрт балаң, армандаумен өтті-ау жалған!

Қызылқұм мәңгілікке мекен болған

Ұрпағың іздеп тапты, асыл атам.

Өзіңе иман тілеп, бақилыққа

Немере, шөбере, шөпшек келіп қолын жайған.