АТА ТЕК

 (Ақжігіт тұрғыны Сайын Баймұңаловтың және Қоңырат қаласы тұрғыны Қожағұл Жеменей Бисен Өтесінұлының нұсқалары)

  Бұл жазылған шежіре бойынша Әнестен төрт бала болған деп айтады: Жабал, Құрал, Дал, Дат. Жабалдан­ - үш бала: Мехрой, Ноғай, Естек (Башкир, Татар). Мехройдан - екі бала: Зағыйран, Сәніл. Сәнілден - екі бала: Құрайш, Ақшолпан. Құрайштан -Аламан. Аламан-нан - Сейілхан (сегіз арыс түрікмен): Ерсәрі, Дербіш, Сарық, Солар, Теке, Жәуміт, Егдір, Шәудір. Ақшолпаннан - Майқыби. Майқыбиден - екі бала: Жаһит, Түмен. Жаһиттен -Өз-бек (Өзбек он екі арыс, Өзбек тәжік қызына үйленген дейді). Түменнен - Айыр. Айырдан -екі бала: Созақ, Қазақ. Созақтан - төрт бала: (қарақалпақ негізін құрайды). Шоманай, Шымбай, Мойнақ, Төрткүл. Қазақтан - екі бала: Қараш, Алаш. Қараштан - Қырғыз. Алаштан - екі бала: Маңғыбай, Алау. Алаштың бәйбішесінен Маңғыбай туады, одан Балабатыр, одан қазіргі төре тұқымдары тарайды. Алаудың үш әйелінен үш бала: Ақ, Бек, Жан. Әр қайсысы жүз үйге толғанда өз алдына бір бір арыс болып Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс аталған. Алау осы үш баласымен Сырдарияның бойында Сауран, Отырар, Қараспан деген қалалардың төңірегін мекендеп отырған. Сонан кейін: Ұлы жүз Әулие Ата, Алматы жағына қоныс аударған. Орта жүз Сарыарқа жағына көшкен де, кіші жүз Еділ Жайық бойына, Жем, Сағыз бен Маңғыстауға дейін келіп қоныстанған.

     Ақарыстан - Ұзынсақал (Ыбырайым). Одан Кейкіби. Кейкібиден - Төлеби. Төлебиден -төрт бала: Құйылқан, Қоғам, Мекре, Майқы. Қоғамнан - екі бала: Қаңлы, Шанышқылы. Мекреден - Қызайнайман. Қызайнайман тұқымдарының көпшілігі қытайға өтіп кеткен деп айтады. Майқыдан - Бақтияр. Бақтиярдан - екі бала: Ойсыл, Үйсін.

     Бекарыстан - Мейрамсопы. Мейрамсопыдан - жеті бала: Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ, Тарақты.

     Жанарыстан - екі бала: Алшын, Кеншін. Кеншіннен - жеті бала: Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамазан, Жағалбайлы, Төлеу. Табыннан - үш бала: Ағым, Тоғым, Бозым. Осы жеті бала - жеті ру жөнінде мынадай деректер бар. Бұлар жаугершілік заманда әкелерінен жетім қалған балалар екен. Оларды Алшын өз тәрбиесіне алған екен дейді. Алшын бұл балаларды өз баласынан кем көрмей, ешкімнен кем қылмай асырап, тәрбиелеген. Алшынның інісі Кеншін батыр болған, қалмақтармен көп жауласып, елін қорғаған, сол жолда қаза тапқан. Кеншіннен перзент болмаған. Кеншін дүние салғаннан кейін Алшын халықты жинап, той қылып Кеншіннің бар дүние-мүлкін, дәулетін жеті балаға бөліп беріп, Кеншіннің орны болыңдар және жетеуің жеті рулы ел болыңдар деп бата берген.

     Алшыннан - Хұдияр. Хұдиярдан - үш бала: Нәдір, Сәдір (Байқожа), Қыдыр. Осы жерде айтылатын тағы бір дерек бар: осы үш бала балалы болып, тұқымдары көбейгеннен кейін, әр қайсысы өз елінің қожасы болсын деп халық аттарының соңына қожа тіркеп: Нәдірқожа, Сәдірқожа және Қыдырқожа деп атап кеткен дейді.

     Нәдірқожадан - Әлшағыр. Әлшағырдан - екі бала: Әлім, Шөмекей. Әлімнен -алты бала: Майлыбай (Кете тарайды), Бақтыбай, Ожырбай, Жаманақ, Шекті, Қарасақал. Шөмекейден төрт бала: Тақа, Көнек, Аспан, Бозғыл. Алты ата Әлім кіші жүз балаларының ағасы болып саналады. Шөмекей дүние салғаннан кейін, оның әйелін Әлім алған дейді.

     Сәдірқожа өте бай адам болған, сол себепті ол кісіні халық Байқожа атап кеткен. Байқожадан - төрт бала: Ата, Қалпақ, Естай, Елтай. Атадан - Есентемір. Есентемірден -екі бала: Тағашы, Көн. Тағашыдан үш бала: Қожамбет, Әжімбет, Бердімбет. Қалпақтан - Таз. Таздан - екі бала: Абай, Қабай. Абайдан - екі бала: Жасатабан, Шарға. Қабайдан – Абдал. Абдалдан - екі бала: Шатығұл, Құлай. Естайдан - Беріш. Беріштен - екі бала: Байсейіт, Байбақты. Байбақтыдан - төрт бала: Есен, Есенқұл, Бегіс, Құлкеш. Байсейіттен - үш бала: Себек, Жайық, Қаратоқай.

     Қыдырқожадан - төрт бала: Сұлтансиық, Бақтысиық, Қыдырсиық, Жаппас (Тотан). Осы жерде айтылатын тағы бір дерек, он екі ата Байұлының ең үлкен ағасы Сұлтансиық болып саналады дейді. Сұлтансиықтан - бес бала: Алаша, Байбақты; Қызылқұрт; Масқар, Тана. Бақтысиықтан - Ысық. Ысықтан - Елеусін. Елеусіннен - Демеу. Демеуден - екі бала: Ақса-ры, Тоғымшы. Қыдырсиықтан - екі бала: Шеркеш, Шенеш. Шенештен - Қосым туады. Шенеш жастай өліп, оның әйелін Шеркеш алады. Шеркештен - бес бала: Бітік, Есен, Аққұба, Құлақасқа, Дәулеткелді. Бітіктен - Қайыс (бес арыс), Есеннен - Жауқашты, Ақ-құбадан - Шумақ, Құлақасқадан бала жоқ. Дәлеткелдіден - Қылышкестен. Жаппастан - бес бала: Қаракөз, Үндікі, Қияқы, Сумырын, Шолтақ. Осы жерде Алтын туралы айтылатын бір сөз бар. Алтын - Жаппастың қызы, Адай Келінберді Ақпанның әйелі. Ақпан өлгеннен кейін Алтын екі баламенен әкесі Жаппастың қолына келеді. Сол екі бала Жылыс пен Ғабыстан өнгендер Алтын Жаппас деп аталып кеткен. Алтын ең үлкен баласы Қара-күшікті жасында Мұңалға беріп кеткен. Оны Мұңал тәрбиелеп, үйлендірген дейді.

     Елтайдан - Адай. Адайдан - екі бала: Құдайке, Келінберді. Құдайкеден екі бала: Тәзіке, Қосай. Тәзікеден - үш бала: Қабақай, Сәрке, Өтеп. Қабақайдан - төрт бала: Манақ, Сияқ, Қуды, Есен. Сәркеден - екі бала: Тананбек, Жезбике. Қосайдан - алты бала: Байбол, Тіней, Әйтей, Бегей, Бәли, Сүйіндік. Байболдан - төрт бала: Есенғұл, Есенбет, Жұлдыз, Мәмбетқұл. Есенғұлдан - бес бала: Есек, Еміл, Өрезек, Нұрбай, Қоңыр. Есектен - үш бала: Өтебай, Ізбасар, Баянды. Нұрбайдан - үш бала: Айдаралы, Айтқұл, Бәйнеке. Өрезектен - алты бала: Қасажан, Тасболат, Мұрат, Байқұл, Құтанқұл, Байдәулет. Қоңырдан - үш бала: Киікбай, Бердіс, Боран. Бораннан - Сердалы. Есенбеттен - екі бала: Бәйбіше, Тоқал. Жұлдыздан - Кәдір. Кәдірден - екі бала: Ордабай, Олжабай. Мәмбетқұлдан (шалбар) - төрт бала:  Тоқтамыс, Тоқпанбет, Арыстан, Балтай. Тінейден - екі бала: Арық, Таңат. Арықтан -екі бала: Құдайберген, Тәңірберген. Құдайбергеннен - үш бала: Бекболат, Хасаболат, Байдәулет. Тәңірбергеннен - алты бала: Сейтімбет, Қылыш, Бекбике, Шөжей, Бурабас, Түгелбай. Таңаттан - үш бала: Өтеміс, Қоныс, Аталық (Қасқа). Қоныстан екі бала: Есен-бай, Жаулыбай. Бәлиден - екі бала: Есберді, Есқара. Есбердіден - екі бала: Құлабай, Құлжа. Құлжадан - екі бала: Омар, Мәтей. Есқарадан - екі бала: Жарылғап, Жарбол. Жарылғаптан - екі бала: Есен, Өтеп. Сүйіндіктен - үш бала: Тышманбет, Досманбет, Байтөбет. Тышманбеттен (Мырза) - төрт бала: Айтуған, Түнғатар, Балтабай, Келдібай. Досманбеттен - Құрманқұл. Құрманқұлдан - Бөгіле. Бөгіледен - бес бала: Құдайназар, Қараменде, Тоқа, Құл, Бұхар. Айтуғаннан - төрт бала: Шынтемір, Беке, Қалқаман, Көне.

    Осы жерде Сүйіндік жөнінде айтылатын бір сыр бар. Сүйіндік еш қашанда бір отырған қоныстан жұрт аударып көшпейтін адам болған. Сол себепті сол кездегі қарттар айтқан екен, көшіп - қонбайтын жаманадай екенсіз деген сөзден сөз шығып, ел арасында кеңінен таралып, Сүйіндік жаман адай аталып кеткен деп айтады бұрынғының қарттары.

    Келінбердіден алты бала: Құнанорыс; Ақпан, Шыбынтай, Бұзау, Тобыш, Мұңал.    1. Құнанорыстан -екі бала: Жанбай, Жантуған. Жанбайдан - Жортыс. Жортыстан -екі бала: Тегембай, Түгелбай. Түгелбайдан - үш бала: Өтен, Қайдаауыл, Бұғай. Бұғайдан - екі бала: Өтеғұл, Естембет. Түгелбайдан - Қойым. Қойымнан - екі бала: Жетіқара, Шортан. Шор-таннан - бес бала: Жазмағанбет, Жазық, Сарт, Сауран, Кішкентай. Жазықтан - үш бала: Бектемір, Көтек, Жарылғап. Көтектен - Сәрсен. Сәрсеннен - Әлібай. Жантуғаннан - үш бала: Байқошқар, Балдан (Айдабол), Сүйіндік. Байқошқардан - Жүнді. Сүйіндіктен - төрт бала: Қаймназар, Қаспақбай, Қожамжар, Қожа (Садық). Қожамжардан -бес бала: Жиенқұл, Әлдеке, Қатпа, Мес, Кенжебай.  Қожа жөнінде айтылатын бір сөз бар, ол жасынан аң аулап, садақпен аң атып алып келетін болған. Әкесі Сүйіндік Қожа-Садағым деп мақтан тұтқан. Содан ол Қожа-Садақ деп таралып кеткен. Қожа-Садақ жеті балалы болған. Бірақ балаларының бәрі де дүние салып, бір баласынан жалғыз Жақсылық деген немересі қалған, ол бала ағасы Қожамбердінің қолында, соның тәрбиесінде болған дейді. Жақсылықтан екі бала: Сұлтанмұрат, Мамай. Мамай Сыр бойында үйленіп, үйленгеннен кейін елден бөлініп, сол жақта қалып қойған деген дерек бар.

2. Ақпаннан - үш бала: Қаракүшік, Ғабыс, Жылыс, Қаракүшіктен - үш бала: Өтеней, Төлемей, ..?

3. Шыбынтайдан - үш бала: Қоршы, Өртілес, Қостай. Қоршыдан - Жүйрік. Өртілестен -Есберді. Қостайдан төрт бала: ..?  Шыбынтай жарлы адам болған, кәсібі өзен бойында отырып балық аулап, сонымен қатын; бала-шағасын асырап күнін көреді екен. Сол себепті Шыбынтайды өзінің істеген кәсібіне орай сол кездің адамдары Балықшы адай деп атап кеткен екен дейді. 

4. Бұзаудан - екі бала: Айтумыс, Жеменей. Айтумыстан - Шылым. Шылымнан - бес бала: Ақбота, Бәйбіше, Қаратоқал, Көшкі, Өрдек. (Ақсұқсырдан - Ақбота, Көшкі және Өрдек туған). Бәйбішеден - екі бала: Жанқұл, Жайнақ. Қаратоқалдан (Бұлды) - екі бала: Қара-тоқа, Балтоқа. Шылымның төртінші әйелінен Қожакелді, Төлеп. Өрдектен - бес бала: Олжашы, Есен, Бөкен, Мамыр, Кенже. Жеменейден - үш бала: Жомарт, Нұрмағанбет (Кедей), Алдасай. Жомарттың азан шақырып қойған аты Аталық екен. Аталық Адайдың алғашқы көсемінің бірі (биі, мырзасы, батыры) болған. Ауылынан игі жақсылар кетпеген. Оның үстіне қолы ашық, тым мырза, жомарт болған. Әсіресе жарлы- жақыбайларға, әлсіздерге мейірімді болған. Сол себепті Жомарт атанып кеткен. Қалмақтармен бір соғыста хан әскеріне жасаған теңдессіз қызметі үшін Есім ханнан « хан сыбағасы » төрт асылды қалап алған. «Ақсауытты кимей бер, Ақберенді шаппай бер, Ақбоз атты мінбей бер, Ақсұқсырды құшпай бер» дегені қанатты сөз ретінде қалған. Жомарт беделінің арқасында Бұзаудан өрбігендердің бәрі Жеменей атанады. Нұрмағанбеттен (Кедей) - екі бала: Ақша, Тілеу. Тілеуден - Көбетей. Көбетейден - төрт бала: Азнабай, Тәтімбай, Мыңжасар, Жаңабай. Жомарттан - үш бала: Бәйбішесінен - Сұлтанкелді, Сейіт. Сейіт тіл тиіп өлген, орын жоқ. Ақсұқсырдан Қожағұл, Қожамсүгір (Шолақ) туған. Сұлтанкелдіден - төрт бала: Сұлтаналы, Бегімбет, Қалша, Сары. Сұлтаналыдан - үш бала: Шақан, Текен, Бақтыбай. Сарыдан - екі бала: Мырзакелді, Қожантай. Қожағұлдан - екі бала: Өтеміс, Сары. Сарыдан - төрт бала: Жетіқара, Сұлтан, Шортан, Қалдыбек. Қожамсүгірден - төрт бала: Қара, Сейтқұл, Өтеген, Көсе.

5. Тобыштан - екі бала: Ораз, Бегей. Ораздан - екі бала: Жайық, Шегем-Еділ ( Қараштың әкесі). Жайықтан - Әлмембет. Әлмембеттен - бес бала: Зорбай, Табынай, Шоңай, Бәубек, Қожа. Зорбайдан - бес бала: Тоқабай, Құл, Жаңай, Төлеке, Өтеғұл. Табынайдан - үш бала: Арыстанбай, Табылды, Дауылбай. Шоңайдан - үш бала: Тоқсанбай, Бөгенбай, Боқай. Тоқсанбайдан - алты бала: Даң, Монша, Қожагелді, Жарық, Мырзаш, Көшен. Бөгенбайдан - үш бала: Сасық, Қожан, Қайып. Боқайдан - үш бала: Қарақойды, Көндік, Кенжебай. Бәубектен - алты бала: Бөрібай, Тойсары, Малтабар, Құлшақай, Жарас, Құдас. Тоқабайдан - екі бала: Өміртай, Байболат. Құлдан - төрт бала: Қыдыралы, Бердалы, Сералы, Бегеш. Жаңайдан - бес бала: Қожаназар, Әлі, Тасым, Рысбай, Тоян. Төлекеден - төрт бала: Қамысбай, Күмісбай, Қаржау, Дорал. Өтеғұлдан - бес бала: Арат, Үмбетай, Өмірзақ, Әбет, Жадира. Қожаназардан - жеті бала: Түнғатар, Шонты, Есберді, Таған, Қошан, Сәркен, Шомақ. Бегейден - Хадырқұл. Хадырқұлдан - үш бала: Малай, Қосаяқ, Қозыбақ. Шегемнен - бес бала: Сырлыбай, Бабық, Жаубасар, Ожау, Қараш ( Қараштың әкесі Еділ өлгеннен кейін, шешесі жонғарларда кетіп, баласын алып қайтқан). Сырлыбайдан - екі бала: Қоқан, Шағыр. Қоқаннан - бес бала: Жайылхан, Шың, Болат, Шәртікен, Меңдібай. Жаубасардан - екі бала: Қаржау, Төлеген. Ожаудан - екі бала: Қызыл, Қоңыр.

6. Мұңалдан - төрт бала: Әли, Жаулы, Шоғы (Қырықмылтық), Бәйімбет. Әлиден - екі бала: Алақұнан, Қошқар. Алақұнаннан - бес бала: Жайлау, Жайнақ, Шұнақ, Сумақ,..?  Алақұнан жөнінде айтылатын сөз бар. Алақұнан Сыр бойынан ел көшкенде әке-тумаластарынан бөлініп, Сыр бойында үйленіп қалған дейді. Алақұнаннан туған балалардың тұқымдары осы кезге дейін Сыр бойында, Шымкент облысының бірнеше аудандарына тұрақтанған. Олардың көпшілігі Арыс, Абай, Сарыағаш, Шардара және бұданда басқа аудандарында тұрады деп айтады. Қошқардан - төрт бала: Абыз, Жанғазы, Серең, Наурыз. Абыздан - үш бала: Есенәлі, Сүгірәлі, Дербіс. Есенәліден - үш бала: Құттыбай, Құйқа, Мырза. Сүгір-әліден екі бала: Айдар, Шанан. Жаулыдан - үш бала: Жары, Ескелді, Қосқұлақ. Жарыдан -сегіз бала: Дәулеталы, Жетімек, Мұрат (Кеще), Мете, Базар, Назар, Тоқтамыс, Бектеміс. Назардан - төрт бала: Тастемір, Майлан, Шотан, Құдайберген. Ескелдіден - екі бала: Игілік, Жақсылық.. Қосқұлақтан - үш бала: Төленді, Тоғызақ, Жаналы. Шоғыдан -екі бала: Есекей, Жолай. Шоғы жөнінде айтылатын бір ауыз әңгіме бар. Жаугершілік заманы болса керек, бір күні қазақтың басты ақсақалдары Шоғының аулына бір адамнан хабар жіберіп, Шоғыға барып айт, жақында жауға аттанамыз, жауға аттанатын қанша жігіті бар, соны біліп кел десе керек. Сонда Шоғы тұрып, біз дайынбыз, біздің ауылдан қырық жігіт, қырық атымен, қырық мылтығымен жауға аттанады дейді. Міне осы хабардан кейін Шоғы Қырықмылтық атанып кетсе керек. Бәйімбеттен - төрт бала: Алдаберген, Сабытай, Байсейіт (Рсай), Жәдігер. Алдабергеннен - Райымберді. Райымбердіден - үш бала: Жанақ, Боқсары, Текей. Жанақтан - төрт бала: Болат, Тілек, Батық, Алдамжар. Болаттан - төрт бала: Егдір, Өте, Мойнақ, Жабас. Егдірден - төрт бала: Байқұл, Жанқұл, Жездібай, Жұмабай. Текейден - бес бала: Әтембек, Байшағыр, Мамыртай, Жақау, Әнет. Әнеттен -алты бала: Қырымқұл, Қыдырша, Бабақұл, Мая, Қоштан, Төлеп. Сабытайдан - екі бала: Жандай, Медет. Жандайдан - бес бала: Боққара, Көрпе, Сегізбай, Сарболат, Сүгірәлі. Боққарадан - екі бала: Байбоз, Жанбоз. Байбоздың нағашысы Тіней Тәңірберген деп айтады. Жанбоздан - бес бала: Өтеулі, Матай, Шоқа, Айым, Жаманқара. Өтеуліден - бес бала: Тымғара, Телғара, Ұзақ, Боздақ, Сандық. Матайдан - он бала: Ботағара, Қуандық, Сүйіндік, Төлес, Өтеген, Мыңжасар, Көпжасар, Мыңбай, Онбай, Жүзбай. Матай екі әйел алған дейді. Бірінші әйелі Қаратоқай Беріштің қызы, бес ер балалы болғаннан кейін дүние салған. Екінші әйелі де осы әйелдің немере тумасы болған, бұдан да бес ер баласы болған. Матай бұл балдызына да қыздай үйленген. Шоқадан - үш бала: Бекқұлы, Жанқұлы, Жантай. Айымнан - жеті бала: Қобылан, Жолбарыс, Арыстан, Қоңызақ, Қырымқожа, Ермек, Кенжек. Айым да екі әйел алған дейді, осы жеті бала екі әйелінен болса керек. Жаманқарадан - сегіз бала: Тілеумен, Теленбай, Тілеп, Тілеміс, Көтенбай, Есенгелді, Амантұрлы, Бектұрлы. Жаманқара да екі әйел алған дейді. Кіші әйелінен екі бала болған. Байбоздан - он бала: Жылгелді, Бигелді, Арықбай, Өте, Молжігіт, Шолпанғұл, осы алтауы бәйбішеден. Байбоздың тоқалы Айданадан (қожантай Төбеттің қызы) - төрт бала: Қамыс-бай, Күмісбай, Дауылбай, Дауыл. Бұл төртеуі шешесінің атын айтып, өздері Байбоздың Айданасымыз деп кеткен екен дейді. Көрпеден - үш бала: Аралбай, Маңғыбай, Түменбай (Күйік). Аралбайдан - төрт бала: Боби, Бобан, Парахат, Сырлыбай. Маңғыбайдан - төрт бала: Байсал, Қылыш, Ырғыз, Торқа. Түменбайдан - екі бала: Бекбаулы, Жанбаулы. Сегізбайдан - екі бала: Қосбармақ, Күшік. Сарболаттан (Байпақ) - үш бала: Елубай, Кешубай, Хаматай. Сүгірәліден - екі бала: Аққошқар, Ақкете. Медеттен - екі бала: Жайбол (Батыр), Байбол. Байсейіттен - Рсай (Сарқасқа). Жәдігерден - төрт бала: Оразбай, Нұрбай, Қалпақ,..

Он екі ата бай ұлына мыналар кіреді: Алаша, Байбақты, Қызылқұрт, Масқар, Тана (Сұлтансиық балалары), Ысық (Бақтысиық баласы), Шеркеш, Шенеш (Қыдырсиық балалары), Жаппас, Есентемір (әкесі Ата), Беріш (әкесі Естай), Таз (әкесі Қалпақ), Адай (әкесі Елтай).

       

Бейнеу аудандық «Рауан» газеті, 8 қараша 1991 жыл